Әкімшілік

Директор

Абдуов Марат Қарсыбекұлы

 Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

  • Целиноград мемлекеттік медицина (1990) "Анестезиология және реаниматология" мамандығы
  • Орталық Азия қоғамдық денсаулық сақтау университеті (2017) "Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіндегі Менеджмент" мамандығы

 Еңбек өтілі:

  • Целиноград қаласының №1 Қалалық ауруханасында мейіргер (1989-1991);
  • Астана қаласының "№1 қалалық аурухана" МКҚК  анестезиолог-дәрігері (1991-2004);
  • Астана қаласының "№1 қалалық аурухана" МКҚК  Анестезиология және реанимация қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі (2004-2015);
  • Астана қаласының "№1 қалалық аурухана" МКҚК бас дәрігері (2015-2023);
  • 08.08.2023 жылдан бастап Астана қаласы "№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" ШЖҚ МКК директоры лауазымына тағайындалды.

Тел: 8(7172) – 70-84-85


Директордың медициналық бөлім бойынша орынбасары

Өтегенова Роза Бәженқызы. Жоғары білікті санаттағы педиатр дәрігер. Жоғары білікті ұйымдастырушы дәрігер. Денсаулық сақтау ісінің үздігі. 30 жылдан астам еңбек өтіліі бар.

Телефон нөмірі: 8(7172) 70-84-87


 

 
Директордың медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары

Утемуратов Айдарбек Мырзалиевич

Телефон нөмірі: 8(7172) 70-84-86

1977 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құрылыс селосында дүниеге келген. 1983 жылы Ырғыз ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің табалдырығын аттап, 1993 жылы тамадаған.

1993 жылы  Ақтөбе Мемелекеттік медициналық институтына түсіп 1999 жылы Ақтөбе Мемелекеттік медициналық Академиясының емдеу ісі факультетін бітірген.

1999-2000 жылы аралығында хирург дәрігері мамандығы бойынша Ақтөбе Мемелекеттік медициналық Академиясының дәрігерлердің білімін жетілдіру факультетінде интернатураны аяқтап өзінің туған ауылы Ырғыз аудандық ауруханасында хирург дәрігері болып еңбек жолын бастаган.

2000 жыл - 2011 жыл аралығында ауданнын бас хирургі және хирургия бөлімі меңгерушісі, әскери-дәрігерлік комиссия төреағасы, дәрігерлік-кеңестік комиссия төреағасы қызметтерін атқарған.

2011 жылдан 2016 жылға дейін Ақтөбе облыстық кеңес беру–диагностикалық орталығында  хирург маман ретінде және қосымша Ақтөбе қаласының «Темір жол» ауруханасында кезекші хирург дәрігер болып қызмет еткен. Осы аралықта қызметте жүріп 2012 жылдан 2013 жыл аралығында  «БОЛАШАҚ» бағдарласымен Израиль мемлекетінде «Эдит Вольфсон» және «Шиба» медициналық орталықтарында эндобейнехирургия және проктология мамандығы бойынша тәжірибе алмасудан откен.

2016 жылы Турция мемлекетінде  «Мемориал»  және Латвия мемлекетінде «Паула Страдыня» медициналық орталықтарында денсаулық сақтау саласы менеджементі тақырыбында тәжірибе алмасудан өткен.

Ақтөбе қаласында иновациялық  дамыту бағдарламасы бойынша ең алғашқы лазер хирургия және латекстік әдістермен емдеруді енгізген. 2015 жылы Пирогов марапат медальін алған, жоғары санатты хирург дәрігер.

2015 жылы пирогов төсбелгісімен, 2019 жылы денсаулық сақтау ісінің  үздігі төсбелгісімен  марапатталған.

24.10.2016-20.02.2017 жылдары денсаулық сақтау менеджменті мамандығы бойынша маман даярлаудан откен.

01.11.2016 жылы  шақыртумен Астана қалалық №3 емханасында хирургия бөлімі меңгерушісі болып тағайындалып 17.08.2017 жылдан бастап қазіргі таңда  Астана қалалық №3 емханасында бас дәрігердің МҚСБ жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

01.07.2019 жылдан бастап №3 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы бас дәрігердің медициналық қызмет сапасын бақылау бойынша орынбасары болып тағайындалды.

 

 


 

 

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • БЛОКТАР
  • ҚЫЗМЕТКЕРГЕ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПАЦИЕНТКЕ
  • ЖАДЫНАМА
  • ГАЛЕРЕЯ
  • БАЙЛАНЫС