Мерекелік көңіл-күй сыйлады

Мерекелік көңіл-күй сыйлады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК «№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында емделуші бүлдіршіндеріне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды.
Шараның бастауы - балалар арасында мәнерлеп оқу болды. Тілі- балдай тәтті бүлдіршіндердің, түрлі тақырыпта жатқа айтқан тақпақ өлеңдерінің бейне нұсқасы, аурухананың әлеуметтік желілерінде жарияланып, көрермен қауымның сүйіспеншілігіне ие болды.
Ал 31 мамыр күні, «Денсаулық - балалар көзімен» тақырыбында сурет салу көрмесі ұйымдастырылды. Балалар «Денсаулықты қалай түсінесің?» , «Дәрігер деген кім?», «Бақытты балалық шақ», «Мерекенің ерекшелігі қандай?» сұрақтарының жауаптарын қағаз бетіндегі сурет арқылы жеткізді. «Денсаулық – балалар көзімен» тақтайшасына бүлдіршіндер салған суреттер ілініп, шарлармен безендірілді.
Іс-шаралардың нәтижесінде, өнерлі әр бүлдіршінге ШЖҚ МКК «№ 3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Өтегенова Роза Баженқызы, директордың медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Өтемұратов Айдарбек Мырзалыұлы және бөлім меңгерушілері мен аға мейірбикелері аурухана тарапынан ынталандыру сыйлықтарын табыстады.
Іс-шаралар жоспары бұнымен аяқталмады. Мерекеде тек бүлдіршіндерге ғана емес олардың аналарына да көңіл бөлініп, «Қолды қалай дұрыс жуу керек?», «ана сүтін емген балалардың артықшылығы неде?» тақырыптарында пікірталас жүргізілді. Жас аналар бір-бірімен және дәрігерлермен пікір алмасу арқылы, пайдалы ақпараттар алды.
1 маусым, яғни мереке күнінде, әр бүлдіршін аурухана ұжымы атынан құттықтау тілектерін өз бөлмелерінде орналастырылған теледидар арқылы қабыл алды. Жүрекжарды тілектерден кейін, қосылған бейнероликте ерекше ықыласқа толы болды. Онда, мерекелік көңіл-күйді көтеру үшін шарлар ұстаған аурухана қызметкерлерінің би тартуындағы жүрек суреті, өз емделушілеріне деген ерекше құрмет пен сезімді білдірді. Сонымен қатар, теледидарда жаңа үлгідегі «Қуыр-қуырмаш», «Мақтаншақ қыз», «Жеті лақ пен қасқыр», «Үш аю» ертегілерінің мультсериалдары мен «Әліппе» танымдық бейнероликтері, қазақ және орыс тілдерінде әндер шырқалды. Дәл осы күні, барлық бөлімшедегі емделуші бүлдіршіндермен қатар, қабылдау бөліміне келген балаларға түрлі-түсті шарлар таратылды.

Сотрудники больницы дарят праздничное настроение

ГКП на ПХВ акимата города Нур-Султан «Многопрофильная городская детская больница №3» в преддверии Международного Дня защиты детей - 1 июня, организовала праздничные мероприятия, посвященные детям-пациентам.
Началом мероприятия стало - выразительное чтение среди детей. Опубликованные в социальных сетях больницы, видеоролик наизустных стихотворении на разные темы, завоевали любовь публики.
А 31 мая была организована выставка рисунков на тему «Здоровье -глазами детей". Дети отвечали на вопросы, такие как: «как вы понимаете слово здоровье?», «Кто такой врач?», «Счастливое детство», «в чем особенность праздника?» значение слов передали через изображение нарисованных на листе бумаги. На табличке «Здоровье-глазами детей» были развешаны рисунки, нарисованные детьми, которые украшены шарами.
По итогам организованного мероприятия, заместитель директора по медицинской части ГКП на ПХВ «Многопрофильной городской детской больницы № 3» Утегенова Роза Баженовна, заместитель директора по контролю качества медицинских услуг Утемуратов Айдарбек Мырзалыулы, заведующие отделениями и старшие медицинские сестры вручали каждому талантливому ребенку подарки.
План мероприятий на этом не завершен. На празднике обращалось внимание не только детям, но и мамам. Была проведена дискуссия на темы: «как правильно мыть руки?», «в чем преимущество детей, которые питаются грудным молоком?». Молодые мамы обменялись мнениями друг с другом а также с врачами, получили полезную информацию.
1 июня, в праздничный день, каждый ребенок смотрел по телевизорам размещенному в его комнатах, поздравительные пожелания от коллектива больницы в виде видеоролика. После восторженных пожеланий, в прилагаемом видеоролике было полно особого восторга. В нем показались, изображение сердца в танце сотрудников больницы, которые держали шары для поднятия праздничного настроения, выразило особое уважение и чувство к своим пациентам. Кроме того, на телевидении прозвучали мультсериалы из сказок нового образца «Куыр-куырмаш», «Гордая девушка», «Семь козленков и волк», «Три медведя», познавательные видеоролики «Алфавит», песни на казахском и русском языках. В этот же день, пациентам всех отделений, детям, прибывшим в приемное отделение, были разданы разноцветные шары.

Инстаграм:

https://www.instagram.com/p/CeNzNPfu5QK/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

https://www.instagram.com/tv/CeQIvxQj_Sl/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Фэйсбук:


https://www.facebook.com/100035494450271/posts/734043154455493/?d=n

https://www.facebook.com/100035494450271/posts/734575724402236/?d=n