Ауруханамызда Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Тимур Мұратұлының және аурухана ұжымының қатысуымен жаңа басшыны тағайындау ресми жиыны өткізілді.

Әлия Шайзадайқызы Рүстемова « №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» директоры болып тағайындалды.

Еңбек жолында Талғар аудандық ауруханасында терапевт дәрігер, Қазақстан ғылыми-зерттеу институтының клиникалық ординаторы, Талғардағы емхананың бас дәрігерінің орынбасары, Алматы облысы бойынша Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті департаментінің бөлім бастығы, Астана қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының орынбасары, бүгінге дейін Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Құрметті, Әлия Шайзадайқызы Рүстемова жаңа қызметте сәттілік тілейміз!

 

 

В нашей больнице состоялось официальное совещание по назначению нового руководителя с участием руководителя управления общественного здравоохранения города Нур-Султан Тимура Муратовича и коллектива больницы.

Рустемова Алия Шайзадаевна назначена директором «Многопрофильной городской детской больницы №3".

За свою трудовую деятельность работала врачом терапевтом Талгарской районной больницы, клиническим ординатором Казахстанского научно-исследовательского института, заместителем главного врача поликлиники в Талгаре, начальником отдела Департамента Комитета по контролю в сфере оказания медицинских услуг по Алматинской области, заместителем руководителя департамента Комитета труда, социальной защиты и миграции по городу Астана, до сегодняшнего дня занимала должность заместителя руководителя управления общественного здравоохранения города Нур-Султан.

Уважаемая, Рустемова Алия Шайзадаевна желаем удачи на новом посту!

 

Өмір — адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі-оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Балалардың денсаулығына анасының жатырында жатқан кезеңнен бастап көңіл бөлінуі керек. Сондықтан отбасында баланы дүниеге әкелмес бұрын жас отбасы денсаулықтарына мән беруі дұрыс. Жүктілік кезінде анасының денсаулығына аса мән беру, уақытылы тамақтану, демалу, қажет болса  дер кезінде дәрігердің көмегіне жүгіну керек.  Бала шыр етіп дүние есігін ашқан соң, есейгенге дейін баланың денсаулығы, дұрыс дамып-жетілуіне  ата-анасының атқаратын ролі өте зор. Кез келген ата ана  балаларының сымбатты, көрікті, шымыр, денсаулығы мықты болғанын қалайды. Сондықтан уақытылы екпелер алу, баланың денсаулығын нығайту, шынықтыру, түрлі аурулардың алдын-алу, сақтану жұмыстарын салауатты өмір салтын қалыптсатыру баланың денсаулығына зор әсер ететіні белгілі. Тазалық туралы білімдерін кеңейту, мәдени-гигиеналық дағдыларын пысықтау және жетілдіру, өз денсаулығына құндылық ретінде қарауға, өзге адамдарды құрметтей білуге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстанып, күн тәртібінің сақталуы туралы білім беру, тазалыққа, ұқыптылыққа баулу ата-ана мен балабақша, мектеп қабырғасында жалғасын тапса, біздің ұлтымыз дені сау ұрпақ тәрбиелеп, болашақта Отанын көркейтетін, саналы азаматтар саны көбее түсері анық.  

 

Дайындаған  ШЖҚ №3 Көпбейінді  қалалық балалар ауруханасының  3-ші бөлім меңгерушісі  Бокенова Жанар Самбетовна

Все родители хотят обеспечить своим детям счастливое и здоровое детство, дать хороший старт во взрослую жизнь. Известно, что от здоровых родителей рождаются здоровые дети. Чтобы вырастить и воспитать здоровое поколение в первую очередь родители должны отказаться от вредных привычек (курение, алкоголь и т.д.) и вести здоровый образ жизни. Семья - воспитывает ребенка и формирует его основу в жизни. Будучи примером для своих детей и показывая правильный путь детям с самого детства, прививаются основные принципы здоровья, что в будущем способствует воспитанию здорового поколения. Здоровье ребенка является важнейшей ценностью и наша общая задача – сохранить и укрепить его.
Очень важно приучить ребенка соблюдать режим сна, кушать, играть, гулять, трудиться в одно и то же время: уделять особое внимание полноценному сну; регламентировать просмотр телепередач по времени (не более 40 мин. – 1 часа). Систематические занятия физкультурой очень полезны для здоровья. Детям для полноценного роста и развития необходимо рациональное, полноценное питание. Необходимо привитие навыков гигиены, сохранение положительного психологического климата в семье также имеет огромное влияние на состояние физического и психического здоровья ребенка.
Современного школьника подстерегает большое количество соблазнов, которые мешают вести правильный образ жизни, обеспечивающий хорошее здоровье и успеваемость на уроках. Чрезмерное увлечение компьютерными играми и телепередачами, предпочтение чипсов домашнему обеду – все это является негативными факторами, постепенно разрушающими здоровье наших детей.   Образ жизни может быть здоровым только тогда, когда он развивается, дополняется различными новыми, полезными для здоровья элементами, привычками и тем самым совершенствуется.
 
«Городская многопрофильная детская больница №3 », заведующая отделением №2 Бочарникова Н.И.

“ №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының” ұжымына алғысымыз шексіз. Соның ішінде ем алған бөлім №4 ішек инфекциясының бөлім меңгерушісі Ярмамбетов Камил Байзуллаулына бірінші ауруханаға түскенде өзі алғаш қарады. Одан кейін емдеген дәрігер Рүстембеков Марат Сүйінбайұлы өз ісінің маманы. Мейірбикелер: Ақбала, Гүлнар, Жақсылық Елубайқызы, Зауре Адабергенқызы Ақтоты, Айжан, Айгерім, Айткүл.
Тазалықшылар: Айткүл, Айгул
Осы жоғарыда аталған аурухана ұжымына үлкен рақмет. Еңбектері адал, күні-түні науқастардың бәріне бірдей қарап, өз кәсіби біліктіліктерін көрсетті. Енбектері еселене берсін, жұмыста табысты болсын. Тек сәттілік!

Алғысын жолдаушы, емделуші Ғани Мәриямның әкесі Мұқан Нұрдәулет

№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы «пульмонология» бөлімшесінің емделушісі Муканов Амирхан бүлдіршініміздің туған күні кәсіби мерекемен тұспа-тұс келген екен. Бөлім меңгерушісі Ляззат Ахметжановна балақайды туған күнімен құттықтай келе, аурухана тарапынан кішігірім сыйлықты табыстады.
«Біз ұлым екеуміз ауруханаға 15 маусым күні келіп түстік. Бүгін міне, аурухана басшылығы мереке қарсаңына дәл келген ұлымның туған күнін елеусіз қалдырмады, түрлі-түсті шарлары мен сыйлықтарын тарту етіп жатыр. Айтар алғысым шексіз. Әр емделушіге ерекше көңіл бөлетін аурухана қызметкерлеріне алғысымды айта келіп, кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтағым келеді. Жұмыста абыройлы, отбасыларыңыз аман, ең бастысы – дендеріңіз сау болсын»- дейді Амирханның анасы Әсия Муканова.


День рождения нашего пациента Муканов Амирхан из отделении «пульмонологии» совпал с профессиональным праздником. Заведующая отделением Ляззат Ахметжановна поздравила малышу с днем рождения и вручила небольшой подарок от имени руководство больницы.
"Мы с сыном поступили в больницу 15 июня. Сегодня руководство больницы не обошло вниманием день рождения моего сына, который совподал именно накануне праздника, вручая ему разноцветные шары и подарки. Хочу поблагодарить сотрудников больницы, которые уделяют особое внимание каждому пациенту и хочу поздравить с профессиональным праздником. Пусть на работе будет все лучше, а главное - здоровье", - говорит мама Амирхана Асия Муканова.

Страница 1 из 18