«Ашық есік күні» акциясы өткізілді
- Қаралды: 177
Астана қаласы әкімдігінің «№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
Акция стационар дәрігерлерімен «МУА» КЕАҚ кафедрасының қызметкерлерімен бірлесе өткізілді. Мамандар балаларды қабылдауды екі бағыт бойынша жүргізді (балалар инфекциясы және балалар пульмонологиясы): «МУА» КЕАҚ балалар инфекция аурулары кафедрасының профессоры,м.ғ.д. Д.А. Баешева; «МУА» КЕАҚ балалар инфекция аурулары кафедрасының профессоры,м.ғ.д., Г.Д.Жұмағалиева; «МУА» КЕАҚ балалар инфекция аурулары кафедрасының профессоры,м.ғ.д., «МУА» КЕАҚ балалар инфекция аурулары кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Б.Н. Кошерова; «МУА» КЕАҚ балалар инфекция аурулары кафедрасының профессоры, м.ғ.д., пульмонолог Қ.Б.Абдрахманов; «МУА» КЕАҚ балалар инфекцияаурулары кафедрасының доценті, м.ғ.к. пульмонолог Л.А.Рамазанова; «МУА» КЕАҚ балалар инфекция аурулары кафедрасының ассистенті, жоғары санатты балалар инфекционисті А.К. Омарова; медицина магистрі А.В.Алтынбекова; жоғары санатты балалар инфекционистері, стационар бөлімшелерінің меңгерушілері: Н.И. Бочарникова; Ж.С. Бокенова; К.Б. Ярмамбетов; Б.О. Жармагамбетова және А.У. Махметова.
Акция күні қабылдауда болған барлық пациенттерге сыйлық тапсырылды. Мамандардан бронх демікпесі, өкпенің туа біткен ақаулары, бронх-өкпе дисплазиясы, ЦМВ, паразиттік аурулары және т. б. аурулары бар балалар кеңес алды.