Қымбат операциялар МӘМС аясында тегін жасалады
- Қаралды: 68
Күнделікті өмірде бәрі бақылауда тұрғандай көрінеді. Бірақ денсаулыққа қатысты күтпеген жағдайлар кез келген уақытта тіпті денсаулығы мықты, иммунитеті жақсы адамдардың өзінде де орын алуы мүмкін. Мұндай сәттерде емдеуге кететін үлкен қаржылай шығындарға дайын болмауымыз мүмкін.
Сондықтан ертеңгі күнді алдын ала ойластырған жөн. Бұл ретте МӘМС жүйесі көмектесе алады. Ай сайын 4 250 теңге көлемінде жарна төлеп немесе жылдық мәртебені 51 000 теңгеге рәсімдеу арқылы, қажет болған жағдайда сізге қажетті медициналық көмектің көрсетілетініне сенімді бола аласыз. Оның үстіне, МӘМС шеңберінде құны бір миллионнан бірнеше миллион теңгеге дейін жететін жоғары технологиялық операциялар да жүргізіледі.


