Вакцинацияның маңыздылығы
- Қаралды: 43
Вакцинация — адамның және қоғамның денсаулығын қорғаудың ең тиімді әрі қауіпсіз тәсілдерінің бірі. Екпелер ауыр аурулардың (қызылша, дифтерия, көкжөтел, тұмау, менингококкты инфекция және т.б.) дамуын алдын алады. Бұл аурулар асқынуларға немесе өлімге әкелуі мүмкін. Вакцина бізді қауіпті инфекциялардан қорғай отырып, ұжымдық иммунитет қалыптастырады. Халықтың басым бөлігі егілген кезде, вирустардың таралуы төмендейді. Ең маңыздысы — бұл медициналық себептермен вакцина ала алмайтындарды
(жаңа туған нәрестелерді немесе иммундық жүйесі әлсіреген адамдарды) да қорғайды. Жаппай вакцинация инфекциялардың таралуын тежеп, індеттер мен пандемиялардың қаупін азайтады. Вакцинация ауруды емдеуге кететін шығынды азайтып, халықтың еңбекке қабілеттілігін сақтайды. Бұл тек жеке қорғаныс қана емес, сонымен қатар бүкіл қоғам денсаулығына қосқан үлес. Халықтың басым бөлігі егілген сайын, қауіпті инфекцияларға қарсы тосқауыл соғұрлым мықты болады.


