ОРВИ, тұмау және пневмококк инфекциясының алдын алу
- Қаралды: 55
Балалардың денсаулығы — біздің басты құндылығымыз. Қыс маусымында жедел респираторлық- вирустық инфекциялар (ЖРВИ), тұмау және пневмококк инфекциясы жиілейді. Бұл аурулар бала ағзасы үшін қауіпті болуы мүмкін, сондықтан алдын алу шараларын білу өте маңызды.
Бұл инфекциялар несімен қауіпті?
ЖРВИ — жөтел, мұрыннан су ағу, әлсіздік, дене қызуының көтерілуін тудырады.
Тұмау — асқыну қаупі жоғары, пневмония, бронхит, жүрек және жүйке жүйесі бұзылыстарына әкелуі мүмкін.
Пневмококк инфекциясы — балаларда пневмония, менингит және отиттің жиі себебі болып келеді.
Қалай қорғануға болады?
Вакцинация — сенімді қорғаныс. Тұмауға қарсы екпе жыл сайын ұсынылады. Пневмококкқа қарсы вакцина Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген вакцина және балаларды ауыр асқынулардан қорғайды.
Гигиена және жеке профилактика
Қолды жиі әрі мұқият жуу (20–30 секунд). Қоғамдық орындарда антисептик қолдану қажет. Бетті кір қолмен ұстамауға тырысу жөн. Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз-мұрынды салфеткамен/шынтақпен жабу керек.
Салауатты өмір салтың ұстанған дұрыс
Дәрумендерге бай тағамдармен тамақтанып жүру. Уақытылы ұйықтау және таза ауада серуендеу денсаулыққа пайдалы. Бөлмені күнделікті желдетіп және ылғалдандырып тұру керек.
Адам көп жиналатын орындардан қашық жүру
Эпидемиологиялық маусымда көпшілік жиналатын орындарда жүрмеңіздер. Бала ауырса — мектепке/балабақшаға жібермеңіз. Өзін-өзі емдеумен айналыспай, дәрігерге қаралғаныңыз жөн.
Дәрігерге қашан хабарласу керек?
- Баланың дене қызуы көтеріліп, ұзақ түспей жатса.
- Демігіп, тынысы алуы ауырлап жатса.
- Бала әлсіз боп, тамақтан және судан бас тартып жатса.
Денесінде бөртпе пайда болса, бірдең дәрігерге хабараласыңыз.


