70-84-86
Пациенттерді қолдау қызметі
70-84-93
Анықтама
Тұрар Рысқұлов к., 12
Астана қ.

Жаңалықтар

Вирусқа қарсы дәрілердің қолжетімділігі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті фармацевтикалық субъектілердің, дистрибьюторлар қауымдастықтарының және Қазақстан Республикасында фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту ұйымдарының деректеріне сәйкес, елде қабынуға қарсы және вирусқа қарсы препараттардың қажетті қоры қамтамасыз етілгенін хабарлайды.
Осы жылдың басынан бері келесі дәрілік заттарға сертификаттар беріліп, оларды қолдануға рұқсат етілді:

Флувир 30 мг капсулалары — 58 684 қаптама;
Флувир 75 мг капсулалары — 115 208 қаптама;

Флукап суспензия дайындауға арналған ұнтағы — 77 532 қаптама.
Астана қаласының бөлшек  дәріханаларының мониторингі нәтижелері бойынша келесі препараттар сатылымда бар: Ингавирин, Гроприносин, Полиоксидоний, Эргоферон, Кагоцел, Арпефлю, Тилаксин, Анаферон, Галавит, Валтера, Ациклоcтад, Валовекс, Улкарил, Умкалор, Афлубин.
Сонымен қатар, қосымша Осевир (осельтамивир), Флукап және Флувир дәрілерінің  жеткізілуі күтілуде.
Комитеттің аумақтық департаменттері вирусқа қарсы  дәрілік заттардың көтерме және бөлшек сауда желісіндегі қолжетімділігіне қатысты апталық мониторингті жалғастыруда.

ҚР, АСТАНА Қ.,
Т.РЫСҚҰЛОВ К., 12
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ: +7 (7172) 70-84-93
С 8.00 ДО 19.00 (ЖЕКСЕНБІДЕН БАСҚА)
ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ CALL-ОРТАЛЫҒЫ:
+7 778 265 67 88 (ТӘУЛІК БОЙЫ)

gdib_ast@mail.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.