Балалардың ойыншық гигиенасы
- Қаралды: 78
Ойыншықтар баланың дамуында маңызды рөл атқарады, алайда дұрыс күтім болмаған жағдайда олар жұқпалы аурулардың таралу көзіне айналуы мүмкін. Ойыншықтардың бетінде шаң бөлшектері, вирустар, бактериялар және зең микроорганизмдері жиналып, әсіресе балалар ұжымдарында ЖРВИ, ішек және тері инфекцияларының даму қаупін арттырады.
Ойыншықтарға күтім жасаудың негізгі талаптары:
Пластмасса және резеңке ойыншықтарды аптасына кемінде 1–2 рет жылы сабынды сумен жуу керек. Бала жұқпалы аурудан кейін ауырса, қосымша дезинфекциялау жөн болады. Суда қолданылатын ойыншықтар әр қолданғаннан кейін шайылып, толық кептірілуі қажет.
Жұмсақ ойыншықтарды кемінде үш аптада бір рет жоғары температурада жуған дұрыс. Жууға мүмкіндік болмаған жағдайда ыстық бумен өңдеген жөн.
Электронды және музыкалық ойыншықтарды хлоргексидин негізіндегі ерітінділермен немесе антисептикпен өңделеді. Ылғалдың батарея бөлігіне және электр элементтеріне түсуінен сақ болу маңызды.
Балалар ұжымында қолданылатын ойыншықтар күнделікті санитарлық өңдеуден өтуі тиіс. Балабақшаларда және дамыту орталықтарында жұмсақ ойыншықтарды пайдалану олардың дезинфекциясының қиындығына байланысты ұсынылмайды.
Балалар аузына салатын ойыншықтар күнделікті санитарлық өңдеуді қажет етеді. Жаңа ойыншықтарды бірінші рет қолданар алдында міндетті түрде жуу керек.
Ойыншықтардың жүйелі түрде өңделуі вирустар мен бактериялардың таралуының алдын алуға көмектеседі.


