70-84-86
Пациенттерді қолдау қызметі
70-84-93
Анықтама
Тұрар Рысқұлов к., 12
Астана қ.

Жаңалықтар

Қысқа баланы қалай дайындау керек

Қыс мезгілінде баланың иммунитетіне түсетін жүктеме артады. D витаминінің түзілуі төмендейді, тыныс жолы вирустарының айналымы көбейеді, организмнің жылу беруі күшейеді. Сондықтан ата-ананың міндеті — баланың қорғаныс жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау.
Дұрыс тамақтану — маусымдық аурулардың алдын алудың негізгі факторларының бірі. Иммун жасушалары үнемі жаңарып отырады және оларға жеткілікті мөлшерде ақуыз, дәрумендер мен микроэлементтер қажет. Нутриенттердің жетіспеушілігі ағзаның инфекцияларға қарсы тұруын төмендетеді.
Қыста балалардың 80–90%-ында D витаминінің деңгейі төмендейді. Бұл дәрумен иммун жасушаларының жұмысын реттейді, ЖРВИ қаупін азайтады. Деңгейін бақылап, қажет болған жағдайда педиатрдың нұсқауымен профилактикалық дозада қабылдау ұсынылады.

C витамині ағзаның шырышты қабаттарының  тосқауыл қызметін күшейтеді. Бұл дәруменнің көрсеткішін көтеру үшін көбірек  цитрус жемістері, киви, тәтті бұрыш жеген дұрыс болады.
Омега-3 май қышқылдары қабынуға қарсы реакцияларды жақсартады. Сондықтан тамақтану мәзіріне қызыл балық, зығыр дәнің қосқан абзал.
Күн сайын ет, балық, жұмыртқа, сүт өнімдері мен бұршақ тұқымдастарымен тамақтансаңыз, ағзаңызда ақуыздар мөлшері көбейіп , иммуноглобулиндердің түзілуін жақсартады.
Сорпа, ботқа және бұқтырылған көкөністер секілді жылы тағамдар  терморегуляцияны сақтауға көмектеседі.Осындай пайдалы тағамдардың пайдасың балаларға түсіндірген жөн.
Балалардың тері асты май қабаттары жұқа, сол себепті олар дене жылуын  ересектерге қарағанда тезірек жоғалтады. Сондықтан балаларды қыстың суығында үш қабат принципімен киіндіру ұсынылады. 

Үш қабат принципі:
1-қабат: ылғалды сыртқа шығаратын термокиім;
2-қабат: жылуды сақтайтын құрамында жүн немесе флис бар киім;
3-қабат: жел мен ылғалдан қорғайтын сыртқы киім.

Бас, қол, аяқ — жылуды көп жоғалатын дене мүшелері болып табылады. Сондықтан баскиім, қолғап, аяқ киім міндетті түрде жылы болу керек.
Сыртта бала белсенді ойындар ойнағандықтан , алғашқы минуттардағы жеңіл салқындау — қалыпты. Дегенмен дененің артық қызуы (ылғал мойын, қызарған бет) ауру қаупін арттырады.
Сол себепті баланы шынықтыруға бейімдеу керек. Шынықтыру тамыр тонусын жақсартады, қан айналымын күшейтеді, тыныс жолдарының жұмысын қалыпқа келтіреді және иммунитетті нығайтады. Бала температура ауытқуларын жеңіл өткереді және маусымдық инфекцияларға бейімділігі төмендейді.
Шынықтыруда жүйелілік және біртіндеп бастау — басты қағида. Бірден шамадан көп  жасалған процедуралар иммунитетті күшейтпейді, керісінше стресске әкелуі мүмкін. Тіпті күнделікті 20–40 минуттық серуендер тыныс алу жүйесінің жұмысын жақсартады.
Қарапайым күніделікті бөлмені 2–3 рет желдетудің өзі пайдалы. Себебі, құрғақ әрі тым жылы ауа ағзаның шырышты қабаттарын осалдылығына әкелуі мүмкін.  Сырттағы физикалық белсенділік қан айналымды күшейтеді, баланың ағзасын оттегімен қамтамасыз етеді, инфекциялар қаупін төмендетеді.
Қыс өз алдыңа балалар үшін қызыққа, белсенділікке толы мезгіл, ал балалық шақ бұл ең бақытты кезең. Балақайларымыз қыс мезгілін саулықта өткізсін.

ҚР, АСТАНА Қ.,
Т.РЫСҚҰЛОВ К., 12
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ: +7 (7172) 70-84-93
С 8.00 ДО 19.00 (ЖЕКСЕНБІДЕН БАСҚА)
ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ CALL-ОРТАЛЫҒЫ:
+7 778 265 67 88 (ТӘУЛІК БОЙЫ)

gdib_ast@mail.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.