70-84-86
Пациенттерді қолдау қызметі
70-84-93
Анықтама
Тұрар Рысқұлов к., 12
Астана қ.

Жаңалықтар

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесіндегі өзгерістер туралы ресми ақпарат

Қазақстан халқының жалпы саны 20,4 миллион адамды құрайды. Оның ішінде 16,8 миллион адам немесе 82,3% міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде сақтандырылған. Ал 3,6 миллион азаматтың сақтандыру мәртебесі жоқ. 

Сақтандырылмаған азаматтардың ішінде: 

  • төлем жасауға қабілетті, бірақ жарна төлемейтін тұлғалар; 
  • ресми тіркелмеген жұмыссыздар бар. 

МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар екі негізгі санатқа бөлінеді: 

  1. Жеңілдікті санат — 12,3 млн адам
    Мемлекет есебінен жарна төленетін азаматтар: балалар, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, көпбалалы аналар, мүгедектігі бар адамдар және басқа да әлеуметтік санаттар. 
  1. Өзін-өзі және жұмыс беруші төлейтіндер — 4,5 млн адам
    Бұл — жұмыс істейтіндер, жеке кәсіпкерлер, жалдамалы жұмысшылар және жұмыс берушілер. 

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін жаңа тәртіпке сәйкес, жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) келесі санаттарға жататын ресми тіркелген жұмыссыздар үшін МӘМС жарналарын төлейді: 

  • Дағдарыстық санат (D); 
  • Шұғыл санат (E); 
  • Ресми тіркелген жұмыссыздар. 

Бұл — әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыруға бағытталған шешім. 

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтарға өз мәртебесін анықтау үшін өз емханасына жүгіну, қажет болса, жұмыспен қамту орталығына тіркелу ұсынылады. 

Сақтандырылған азаматтар үшін МӘМС пакетіне кіретін қызметтер: 

  1. диагностикалық тексерулер; 
  1. дәрігерлердің консультациялары; 
  1. жоспарлы операциялар; 
  1. амбулаторлық және стационарлық ем; 
  1. оңалту қызметтері. 

Барлық осы қызметтер тегін көрсетіледі. 

Азаматтар өз сақтандыру мәртебесін келесі қолайлы арналар арқылы тексере алады: 

Telegram-бот: @Saqtandyrýbot 

MSQORY.KZ ресми сайты 

Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы 

EGOV.KZ порталы 

Тіркелген емхана арқылы 

Медициналық көмек алу үшін азамат түрақты тіркелген жері бойынша емханаға тіркелуі қажет. 

Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, мәртебеңізді тексеріп, сақтандырылған болыңыз.

ҚР, АСТАНА Қ.,
Т.РЫСҚҰЛОВ К., 12
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ: +7 (7172) 70-84-93
С 8.00 ДО 19.00 (ЖЕКСЕНБІДЕН БАСҚА)
ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ CALL-ОРТАЛЫҒЫ:
+7 778 265 67 88 (ТӘУЛІК БОЙЫ)

gdib_ast@mail.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.