70-84-86
Пациенттерді қолдау қызметі
70-84-93
Анықтама
Тұрар Рысқұлов к., 12
Астана қ.

Жаңалықтар

Сақтандыру мәртебесі жоқ азаматтардың МӘМС жүйесіне қатысуын кеңейту мақсатында жаңа тетік іске қосылады

Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі азаматтардың сапалы және қолжетімді медициналық көмек алуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі таңда халықтың айтарлықтай бөлігі сақтандырылған болса да, сақтандыру мәртебесі жоқ азаматтардың да саны аз емес. Осыған байланысты 2026 жылдан бастап МӘМС жүйесінде бірқатар маңызды өзгерістер енгізіледі.

 Халықтың 20,4 миллионнан астамының ішінде 16,8 миллион адам МӘМС жүйесінде сақтандырылған (82,3%). Бұл көрсеткіш: 

  • 12,3 млн жеңілдікті санаттағы азаматтарды 
  • 4,5 млн жарна төлеушілерді қамтиды. 

Сонымен қатар, 3,6 миллионға жуық азамат сақтандырылмаған. Олардың ішінде: 

  • төлем жасауға қабілетті, бірақ жарна төлемейтіндер; 
  • жұмыспен қамту орталығында тіркелмеген жұмыссыздар бар. 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік тұрғыдан осал топтардың МӘМС жүйесіне қатысуын кеңейту мақсатында жаңа тетік іске қосылады. 

  • Дағдарыстық (D) 
  • Шұғыл (E) 

санаттарына жататын азаматтар үшін,сондай-ақ ресми тіркелген жұмыссыздар үшін МӘМС жарналарын жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) өздері төлейтін болады. Бұл тетік бойынша шамамен 1 миллион азаматтың сақтандырылуы қамтамасыз етіледі.
Азамат өз мәртебесінің осы санаттарға жататынын анықтау үшін өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жүгінуі қажет. 

Сақтандырылған азаматтар МӘМС пакеті арқылы кең көлемді медициналық қызметтерді тегін ала алады: 

  1. зертханалық анализдер; 
  1. әртүрлі түрдегі диагностика (УДЗ, КТ, МРТ); 
  1. дәрігерлердің консультациялары; 
  1. жоспарлы хирургиялық операциялар; 
  1. емдеу, стационарлық және амбулаториялық көмек; 
  1. медициналық оңалту қызметтері және басқа да қажетті ем-шаралар. 

Азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесін келесі арналары арқылы оңай тексере алады: 

  • Telegram-бот: @Saqtandyrýbot 
  • Ресми сайт: MSQORY.KZ 
  • Мобильді қосымша: Qoldau 24/7 
  • KZ порталындағы жеке кабинет 
  • Тіркелген емхана арқылы 

МӘМС жүйесіндегі сақтандыру – медициналық қызметтердің толық әрі уақтылы көрсетілуінің кепілі. Сондықтан өзіңіздің әлеуметтік мәртебеңізді тексеріп, МӘМС жүйесінде сақтандырылған болу – әр азаматтың маңызды міндеті. 

Денсаулығыңызды қорғаңыз — сақтандырылған болыңыз!

ҚР, АСТАНА Қ.,
Т.РЫСҚҰЛОВ К., 12
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ: +7 (7172) 70-84-93
С 8.00 ДО 19.00 (ЖЕКСЕНБІДЕН БАСҚА)
ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ CALL-ОРТАЛЫҒЫ:
+7 778 265 67 88 (ТӘУЛІК БОЙЫ)

gdib_ast@mail.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.