МӘМС әр азамат үшін медициналық көмекті қолжетімді етеді
- Қаралды: 10
Қазақстан халқының саны – 20,4 млн адам. Оның 16,8 млн-ы сақтандырылған, ал 3,6 млн азаматта сақтандыру мәртебесі жоқ. Осы топтың шамамен 1 млн-ы – Отбасының цифрлық картасы деректері бойынша дағдарыстық және шұғыл деңгейдегі әлеуметтік жағдайы бар тұрғындар, олардың жарна төлеуге мүмкіндігі жоқ.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап дағдарыстық (D) және шұғыл (E) санаттағы азаматтар, сондай-ақ ресми тіркелген жұмыссыздар МӘМС жүйесінде жергілікті атқарушы органдар есебінен сақтандырылады.
МӘМС аясында сақтандырылған азаматтарға келесі медициналық қызметтер тегін ұсынылады:
* анализдер;
* УЗИ, КТ, МРТ секілді диагностика;
* дәрігерлердің консультациялары;
* жоспарлы операциялар;
* емдеу;
* оңалту және басқа да қызметтер.
Өз мәртебеңізді тексеру жолдары:
SaqtandyryBot (Telegram), msqory.kz, Qoldau 24/7 қосымшасы, eGov және eGov Mobile, тіркелген емхана.
Медициналық көмек алу үшін тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша емханаға тіркелу қажет.


