2026 жылдан бастап МӘМС созылмалы аурулардың көбірек түрін қамтиды
- Қаралды: 7
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бірқатар созылмалы аурулар МӘМС пакетіне енгізіледі:
* Қант диабеті
* Балалар церебралды сал ауруы
* Ревматизм
* Дәнекер тіннің жүйелі зақымданулары
ЕНДІ МӘМС төменде көрсетілген 11 әлеуметтік маңызы бар ауруды қоспағанда, созылмалы аурулардың басым бөлігін қамтиды. Бұл аурулар ТМККК аясында қаржыландырылады:
* Туберкулез
* АИТВ
* Қатерлі ісіктер
* Созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы
* Психикалық бұзылыстар
* Орфандық аурулар
* Жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары
* Орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялаушы аурулары
* Эпилепсия
* Жедел миокард инфаркті (алғашқы 6 ай)
* Инсульттер (бір жыл ішінде)
Барлық сақтандырылған пациенттер емдеуді, дәрігерлердің консультацияларын және қажетті дәрі-дәрмектерді тегін алуды жалғастырады.
12 миллионнан астам адам жеңілдікті санаттарға жатады — олар үшін жарналарды мемлекет төлейді.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап шамамен 1 миллион адам қиын өмірлік жағдайға байланысты жергілікті атқарушы органдар есебінен сақтандырылады.
Өзіңіздің «D» немесе «E» санаттарына жататыныңызды білу үшін тіркелген емханаңызға жүгініңіз.
Сақтандырылған болыңыз — МӘМС аясында тегін талдауларға, диагностикаға, дәрігерлердің консультацияларына, жоспарлы операцияларға, емдеуге және оңалтуға қол жеткізіңіз!


